Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетші туралы әріптесі сұмдық деректерді айтты

Алматыдағы мәйітханада өлген адамдарға зорлық жасаған күзетші туралы әріптестері айтып берді, деп хабарлайды stan.kz.

Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетші туралы әріптесі сұмдық деректерді айтты
Фото: atpress.kz

Адам мүрделерімен жыныстық қатысқа түскен күзетші дау шыққан мекемеде 2023 жылы жұмыс істеген екен. Әріптестерінің айтуынша, психикалық ауытқуы болуы мүмкін. 

«Ол кісі біздің алдымызда осы жерде жұмыс істеген. Бала-шағасы бар-жоғын білмеймін. Естуімше, жалғыз тұрады, үш бөлмелі пәтері бар. Әпке-жездесі бар екен, бірақ олар бөлек тұрады екен. Әке-шешесі жоқ. Бізге мәйітхананың ішіне кіруге рұқсат жоқ. Біз сыртта қақпаның есігін ашамыз, жабамыз. Бірақ ол кісі сол кезде жұмыста болған, сол сәтте ғимаратқа кірген шығар. Бәлкім сол кезде өзінің әрекетін іске асырған. Мен кеше ғана естідім де таңғалдым. Ол кісі психикалық ауытқуы бар адамдардың есебінде тұрған дейді. Өйткені кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан деп естідім. Сіздерге беретін ақпарат осы ғана», – дейді мәйітханадағы күзетші әйел. 

Қоғамды дүр сілкіндірген бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі дереу ресми пікір білдірген еді. 

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», – деді Салтанат Әзірбек.