Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Air Astana компаниясының есірткі тұтынған ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласының әуежайында есірткіге масайған Air Astana әуекомпаниясының ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев мәлім етті, деп хабарлады Paryz.kz. 

Air Astana компаниясының есірткі тұтынған ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Kazinform

«Осыдан 1 апта бұрын ірі әуе компанияның ұшқышы ұсталды, ол есірткі қолданған. Жалпы әуе, теміржол, қоғамдық көлік тасымалы саласында қанша адам есірткіге тәуелді? Олардың тізімі бар ма? Олармен қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Нақты нендей нормаларды қарастырып отырсыздар?», - деген сұрақ қойды Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова. 

Сауалға Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев жауап берді. 

«Есірткі қолданып ұсталған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат береміз. Жалпы ұшқыштар, жүргізушілер рейске шығар алдында медициналық тексеруден өтеді», - деді Айдос Рысбаев депутаттың сауалына жауап бере отырып.