Жамбыл өңірі тағыз бірлік пен тұрақтылықтың мекені десе болады. Өйткені, киелі Әулиеата өңірінде көптеген ұлт пен ұлыстың өкілдері тату- тәтті өмір сүруде, деп хабарлады Paryz.kz.
Бұл Жамбыл жерінің оңтүстіктегі бірқатар аймақтармен шекаралас орналасуының, сонымен қатар, Ұлы Жібек жолының бойында жатуымен байланысты болса керек. Оның үстіне талай тарих оқиғалардың көбісі осы Әулиеата жерінде орын алғандықтан, тағдыр тәлкегімен алыс- жақын шет елдерден келген өзге ұлт өкілдері де көптеп шоғырланған.
Түрі бөлек болса да тілегі бір, жүзі бөлек болса да жүрегі бір ағайындар бүгінде облыстың барлық аудандарында мекендеп, жалпы Жамбыл аймағының дамуына бір кісідей ат салысып келеді. Олар әсіресе сауда, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істеуде. Әулиеата аймағында түріктер, күрдтер, өзбектер, қырғыздар мен кәріс ұлтының өкілдері, ұйғылар мен орыстар, дүнген халқының да саны басым.
Аймақта қазіргі таңда 87 этнос пен этникалық топтың өкілдері қоныстанған десек, Жамбыл облыстық Ассамблея жанында 75 этномәдени бірлестік бар. Оның ішінде 40 этномәдени бірлестік тіркеуден өткен, қалған 35-і солардың аудандардағы өкілдіктері. Үш жылда бір рет жүргізілетін қоғамдық аккредиттеуден өткен жылы 31 этномәдени бірлестік өтті. Ассамблея жанында ғылыми-сараптамалық топ, ҚХА Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, медиация кабинеті, журналистер клубы, «Ассамблея жастары» РҚБ жастар қозғалысы, «Белсенді ұзақ өмір сүру» мен шеберлер клубтары жұмыс істейді. Олардың ұйытқы болуымен өткен жылы қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған 1075 іс-шара өткізіліп, оған 76 927 мақсатты аудитория қамтылды, оның ішінде этномәдени бірлестіктер тарапынан 52 830 адамды қамтыған 791 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс- шаралардың барлығы да бірлік, достық, татулық және толеранттылық бағытынып қамтыды.
Қазақстан халқы Еліміз бойыншак ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық жасау. Бұл бағытта Жамбылдық ағайындар да қолдан келгенше үлкен шараларға қатысып келеді.
Мәселен: өткен жылы Түркия еліндегі табиғи апатқа гуманитарлық көмек, «Ерікті донор», «Жылу», Алғыс айту күніне орай «Қоржын», Наурыз мерекесіне орай облыстық ассамблеяның «Мейірімді жүрек», «Бар жақсымыз – балаға», «Мектепке жол», «Қамқор» акциялары, сондай-ақ, Республика, Тәуелсіздік күндері, Жаңа жыл мерекесіне орай 457 млн 850 мың теңгеге 37 100 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл дегеніңіз Жамбылды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің үлкен жүректі азаматтар екенін көресетеді.
Министрліктің «Елдегі этносаралық жағдайдың тоқсан сайын әлеуметтік, бірегейлік формуласын анықтау, этносаралық қақтығыстардың алдын алу» аналитикалық зерттеулер жүргізу тапсырмасына орай Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімімен этностар жиі шоғырланған өңірлерде мониторингтік жұмыстар өткізіледі.
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау мақсатында этностар жинақы орналасқан аудандарда 27 әлеуметтік-зерттеу-сауалнамалар жүргізіліп, 304 адам қамтылды. Сонымен қатар, «Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері» тақырыбы аясында Шу, Талас, Қордай және Байзақ аудандарында аймақтық 4 коучинг өткізді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта облыстың басқа да аудандарында жалғасатын болады.
Жалпы өткен жылға өкпе жоқ. Ал, ағымдағы жылы атқаратын жұмсыстар бұдан да ауқымды деп айтуға болады. 2024 жылы мемлекеттік тілді дамыту, оны этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қолдану аясында «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңы, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы, «Мәміле» қазақ тілі пікірталас клубы, «Ассамблея бөбектері», «Елтану» «Достық керуені» жобасы мен облыстық «Анаға тағзым» отбасыларды қолдау орталығымен бірлесе «Ана көрген» жобасы жалғасын табатын болады. Бұл қазіргі таңда аймақ жұртшылығы тарапынан сұранысқа ие жобалар.
Ал, Тараздағы Достық үйіндегі Медиация кабинеті медиация институтын дамыту бойынша 25 алаңда ҚХА медиаторлары халыққа практикалық және медиативтік көмек көрсете отырып, 1076 азаматқа құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрмыстық, отбасылық және қылмыстық даулар бойынша 667 жанжал мен даулы жағдайлар шешілді. Яғни, қазіргі таңда қоғамда дау туғызатын отбасылық мәселелер мен дау-жанжалдарды реттеуде Жамбылдық ассамблея мүшелерінің еңбегі зор деп айтуға толық негіз бар. Кәсіби этномедиаторларды даярлап, одан әрі жүйелі жұмысты ұйымдастыру бағытында шетелдік сарапшылар Д.Эйдельман, А.Манойлоны тарта отырып, қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырған бюджеттік ұйымдар мен азаматтық қоғамның 50 өкілі қатысқан 5 күндік семинар-тренинг өтті. Сондай-ақ, қарашада құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен білім беру жүйесінің өкілдері, этностар тығыз шоғырланған аудандарда қоғамдық пікір көшбасшылары мен медиаторлары үшін «Этномедиация және конфликтология» бағдарламасы бойынша оқыту курсы өткізілді. Мұнымен бірге, облыстық ювеналды сотпен бірлесіп, құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдерді оңалту үшін жұмыстар атқарылды. Медиация кабинеті қызметі барысында мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен татуластыру рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы 10 меморандум мен келісімдер жасалды.
Сондай-ақ күні кеше еліміздің шетін су алып, 10 облыста төтенше жағдай жарияланған кезде де Жамбыл облыстық Ассамблея өкілдері қарап жата алмай Тараздан Атырау қаласына 70 тонна құрайтын гуманитарлық көмек жөнелтті. Оның ішінде азық-түлік, керек-жарақтар, гигиеналық заттармен қамтылған болатын.
Игі бастамаға «Біз біргеміз» деген Жамбылдық өзге ұлт өкілдері ұйытқы болды. Мәселен, түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері бірігіп бір жүк көлігін өздері толтырған. Одан бөлек 5 млн теңге көлемінде қаржат жинаған. Жүк көлігін жолға дайындаған жұртшылық, аманаттың аман-есен елді мекенге жетуіне сеніп білдіріп, ақ жол тіледі. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін ҚХА жанынан құрылған штабтың біздің өңірдегі бөлімінен Ақтөбе облысына 40 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілген екен. Міне, бұл жұрты тату Жамбыл жеріндегі облыстық ассамблея мүшелері атқарып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Ел бірлігі жолындағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғаса бермек.
Автор: Айбол Қараш