Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Министр мектеп түлектеріне үндеу жасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Министр мектеп түлектеріне үндеу жасады
фото: әлеуметтік желіден

Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатындығын қатаң ескертемін. Осыған орай, оқу бағдарламаларын жыл бойы табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушы келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр, жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуға тиіс, – деді министр.

Оның айтуынша, педагогтердің ұсынысымен мамырда «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және т.б. шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар ведомство басшысы елдегі 186 мың мектеп бітірушілер үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды.

Биыл түлектердің аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқарамаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін, – деді Ғани Бейсембаев.