Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ақтөбеде жоқ малға субсидия алған депутатқа сот үкімі шықты

Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталған экс-депутат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жоқ малға субсидия алған, деп хабарлады paryz 

Ақтөбеде жоқ малға субсидия алған депутатқа сот үкімі шықты
фото: aq-kara

№2 Ақтөбе қалалық сотында кәсіпкер әрі экс-депутат ісі қаралды. Іс материалына сүйенсек, сотталушы шаруа қожалығы атынан жем-шөпке субсидия алуға өтініш берген. Ал шын мәнінде ол көрсеткен мал мүлде болмаған.

Сондай-ақ «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған. Бүгін осы іс бойынша сот үкімі шықты.

- Асылбек Нұргелдин Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесі деп белгіленсін. Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының арызы қанағаттандырылып, 67 248 900 теңге өндірілсін, - деді судья Сандуғаш Избагамбетова. 

Сонымен бірге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның арызы Азаматтық сотта қаралады.

Айта кетейік, экс-депутаттың қамауда отырғанына бір жылға жуық уақыт болды.