Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Швециядан пошта арқылы 500 грамға жуық «гашиш» есірткісін жіберген күдікті ұсталды

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агентігімен ҚР ҚК-нің 286-б. 4-б. бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Швециядан пошта арқылы 500 грамға жуық «гашиш» есірткісін жіберген күдікті ұсталды
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

10:39, 30 Сәуір 2024 | GMT +6

 

Швециядан пошта арқылы 500 грамға жуық «гашиш» есірткісін жіберген күдікті ұсталды

есіркі

Фото: ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. KAZINFORM - Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агентігімен ҚР ҚК-нің 286-б. 4-б. бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бұл туралы ҚР Қаржылық моиторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметкерлердің халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ-ның Қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Швециядан келген салмағы – 479,94 г., «гашиш» есірткі заты бар қорап табылды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-б. тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚПК-нің 201-б. талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Еске сала кетейік, ҚМА мен «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Құжат елдегі қаржылық қылмыстармен күресу шараларын күшейтуге және пошта жөнелтілімдері арқылы қаржылық операциялардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.