Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістанда ер адам өзіне-өзі қол жұмсамақ болды

Түркістанда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлады paryz.kz.  

Түркістанда ер адам өзіне-өзі қол жұмсамақ болды
Фото: polisia.kz

Қалалық полиция басқармасының «102» номеріне таңғы сағат 6:30 шамасында С. Ерубаев даңғылының бойында белгісіз ер адамның әйнекпен өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат түскен. Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, істің мән-жайын анықтауға тырысты.

Оқиға орнына жеткен полицейлер қолында тасы бар, әйнекке мойнын тосып, жақындаса өзіне қол салатынын айтып қорқытқан ер адамды көріп, райынан қайтару үшін оны әңгіме тартты. Яғни оны қауіпті қадам жасамауға үгіттеп, көндіре бастады. Алайда ер адам ашуға булығып, қарсыласа бастады. Осы сәтте полицейлер ер адамды сөзге айналдырып тұрып, өзіне байқатпай, артқы жағынан келген екінші қызметкер оны ұстап қалды.

Белгілі болғандай, 34 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын қатты мас болған және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмаған.

Қазір полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.