Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Бишімбаев ісі: бүгін тараптардың жарыссөзі басталады

Бүгін Бишімбаев ісі бойынша сағат 10.00-де өтуі тиіс жарыссөз түстен кейінге шегерілді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Бишімбаев ісі: бүгін тараптардың жарыссөзі басталады
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сот залына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов келмеген. Дәлірек айтсақ, солар сот отырысына кешігіп қалған.

«Сотталушыны сот залына шамамен сағат 11.00 кезінде әкеледі. Оны жеткізіп, залға кіргізгенге дейін сағат 12.00 болады. Біз түскі сағат 13.00-де түскі үзіліске кетуіміз керек. Сондықтан, сот отырысы сағат 14.30-ға ауыстырылды», - деді судья Айжан Құлбаева.

Айта кетсек, 2024 жылдың 24 сәуірінда Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуді аяқтаған болатын.

Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы абайсызда өлтіріп алғанын мойындап, өзіне тағылған “аса қатігездікпен адам өлтіру” және “азаптау” баптарын мойындаудан бас тартты.