Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Павлодарда қонаққа барған бойжеткен ұрлық жасады

Павлодарда бойжеткен танысының үйіне қонаққа барып, оның телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген. Мұнымен қоймай ол ер адамның банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгерген, деп хабарлайды Paryz.kz Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарда қонаққа барған бойжеткен ұрлық жасады
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар қаласының полициясына қала тұрғыны жүгінді. Ер адамның айтуынша, ол интернет арқылы танысқан қызын бірге уақыт өткізу үшін үйіне шақырған. Алайда қонаққа келген бойжеткен жәбірленушінің Samsung телефонын қолды қылып кеткен.

«Тергеу барысында қыздың уақыт жоғалтпай, ер адамның телефонының банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгергенін, ал телефонды ломбардқа тапсырғаны анықталды. Түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа берілді», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.