Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Бишімбаев ісі: Райымбек Баталов мәлімдеме жасады

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталған болатын. Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бишімбаев ісі: Райымбек Баталов мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скриншот

Бұған дейінгі сот отырыстарының бірінде Бишімбаев "марқұм Нүкенованың Баталовпен бұрын қарым-қатынасы болды" деген мәлімдеме жасады. Кешегі сот отырысында Бишімбаевтың ұялы телефонынан оқиға болған күнгі видеолар көрсетілді. Кадрлардағы дауыстарда Бишімбаев Нүкеновадан Баталовпен қандай қарым-қатынасы болғанын сұрайтыны естіледі. 

Райымбек Баталов осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл тақырыпта аяғына дейін пікір білдіргісі келмеген. Алайда айтылып жатқан сұмдық ақпараттардан кейін мәлімдеме жасауға бел буған. Ол өз тарапына қатысты айтылған ақпараттың бәрін сандырақ, өтірік екенін жеткізді.

"Бұл өтірікке сенбеуге шақырамын. Блогерлер мен БАҚ өкілдері жалған ақпарат таратпаса деймін. Өте өкінішті, ауыр қазаға ұшырап отырған Салтанаттың жақындары қыздарының намысын қорғауға мәжбүр болып отырғаны қиын. Нүкеновтер отбасына шын жүректен көңіл айтамын", - деді ол.