Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мемлекеттік қызметшілер мен әскерилердің бәс тігуіне тыйым салынады

Букмекерлік кеңселерде бәс тігу кезінде қатысушылардың бейне-биометрикалық идентификациядан өтуі міндеттеледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ойын бизнесі туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Елнұр Бейсенбаев айтты.

Мемлекеттік қызметшілер мен әскерилердің бәс тігуіне тыйым салынады
Фото: pexels.com

«Сонымен қатар, заң жобасында букмекерлік кеңселерде бәс тігу, ақша алу және төлеу кезінде қатысушыларды бейне-биометрикалық идентификациядан өткізу міндеттеледі. Ойын бизнесі ұйымдастырушыларының үшінші тұлғалардың банктік карточкаларына төлем қабылдауына шектеу қою мәселесі қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау және әскери қызметкерлердің бәс тігуіне тыйым салу ескерілген. Шамамен 220 мыңға жуық қызметкердің құмар ойын ойнауы шектеледі», - деді Е. Бейсенбаев.

Оның айтуынша, өз-өзін құмар ойыннан шектеуді 1 жылдан 10 жылға дейін созу қарастырылған.

Яғни егов-мобайл қосымшасы арқылы шектей алады. Бұл шектеуді қайтып қалпына келтіре алмайсыз.