Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Сотта Бишімбаевтың телефонынан бейәдеп сөздер естілетін видеолар көрсетіліп жатыр

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында оның ұялы телефоны қаралып жатыр, - деп хабарлайды Paryz.kz. 

Сотта Бишімбаевтың телефонынан бейәдеп сөздер естілетін видеолар көрсетіліп жатыр
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сот отырысы барысында судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ұялы телефонынан суреттер мен видеоларды қарады. Оның сөзінше, видеолардағы уақыт 8-9 қараша күндері деп көрсетілген.

"Ешқандай дәретхана жоқ. Ізде", - дейді видеодағы дауыстың бірінде Бишімбаев Нүкеноваға.

Судья видеоларды қарау барысында Бишімбаевтан Нүкенова еденнен не іздегенін сұрады. Сонымен қатар, Айжан Құлбаеваның айтуынша, видеолардың бәрінде киімсіз, тек қара плащ киген Нүкенова көрінеді.

Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеода оның Нүкенованы бұрынғы қарым-қатынасы үшін айыптағаны, былапыт сөздер айтқаны да естіледі.

Ол әйелін балағаттап, қайта-қайта "Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?" деп сұрақтың астына алған.

Дегенмен сот отырысында Бишімбаев мұның бірде-бірін мойындамады.

"Бұл қандай да бір монтаж, телефонды ашып алып, жүктеп қойған болуы мүмкін", - деп жалтарды ол.

Жәбірленуші тарапқа бұл видеоларды қарамауға кеңес берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де аша алмай қойғаны белгілі болды. Өйткені бұған дейінгі сот отырыстарында оның телефоны зерттелмеді.

Бұл туралы сот отырысында судья Айжан Құлбаева айтты. Оның сөзінше, Бишімбаевтың телефонын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандары аша алмай қойған.