Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Судья Айжан Құлбаеваның өміріне қауіп төніп тұр

Астана қаласының полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Судья Айжан Құлбаеваның өміріне қауіп төніп тұр
Фото: видеодан скриншот

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыс әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.

Тексеру нәтижесі бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен ықпал етуге тыйым салатынын ескертеміз. Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесіледі» деп хабарлады Жоғарғы сот.