Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұдан бөлек, концертте «Астана опера»мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.
Фото: Ақорда
Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.
Фото: Ақорда
Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.
Фото: Ақорда
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алған болатын.