Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Министрлік малынан айырылған шаруалардың қандай жағдайда өтемақы алатынын түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин су тасқыны салдарынан малынан айырылған шаруалардың қандай жағдайда өтемақы алатынын түсіндірді, деп хабарлады Paryz.kz.  

Министрлік малынан айырылған шаруалардың қандай жағдайда өтемақы алатынын түсіндірді
фото: kursiv.kz

Оның айтуынша, қазір су басқан өңірлерден 112,5 мың бас мал қауіпсіз жерге айдалған. Апаттан 7 035 бас мал өлген. Оның басым бөлігі – ұсақ мал.

Өлген мал басы бойынша деректер үнемі жаңартылып отырады. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өлкен жануарларды жинау және жою жұмысын жүргізіп жатыр. Бұған дейін топырақта сібір жарасы спорасының болуына жүргізілген талдау нәтижесі теріс нәтиже көрсетті. Бүгінде су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдай тұрақты және ол Ауыл шараушылығы министрінің бақылауында, - деді Олжас Тілебалдин ОКҚ-да өткен брифингте.

Сондай-ақ ол бүгінде малдың құнын өтеу алгоритмі бекітілгенін еске салды.

«Оған сәйкес су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иесі өтемақы алуға құқылы. Меншік иесін анықтау жануарлардың біріздендіру нөмірін, ауыл шаруашылығы жануарларының біріздендіру дерекқорымен салыстыру арқылы, ал мал тіркелмеген жағдайда куәгерлерді тарта отырып, залалды өтеу жөніндегі комиссияның актісімен анықталады. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу бюджет қаржатынан да, бюджеттен тыс көзден де жүргізіледі», - деді ресми өкіл.

Өлген мал басы бойынша өтемақыны алу үшін не істеу керек?

  • Малдың иесі жергілікті жерлердегі залалды өтеу жөніндегі комиссияға өтініш беруге тиіс;
  • Барлық өтінімді жергілікті әкімдіктер құрған тек ресми комиссияларға беру керек. Осыдан кейін өтемақы төленеді.

Деректерді жинаумен айналысатын әртүрлі штабқа ұсынылған ақпарат төлем үшін негіз болып саналмайды. Су тасқыны кезінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша қосымша сұрақ туындаған жағдайда Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жедел желіге: 8 717 2 57 33 58, 8 747 094 33 81 хабарласуға болады. Ол таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істейді, - деді Олжас Тілебалдин.