Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ауылдың картасын 4 сағат кешіктіріп әкелген аудан әкіміне сөгіс жарияланды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жасөркен ауылындағы су басқан көшелер мен аулалардың жағдайын тексерді, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ауылдың картасын 4 сағат кешіктіріп әкелген аудан әкіміне сөгіс жарияланды
фото: облыстық әкімдіктен

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жасөркен ауылындағы судан тазартылған бірқатар аулалар мен көшелерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен танысты.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға зардап шеккен аулалардың бәріне қысқа мерзімде тиісті көмектерді көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі арықтарды тез арада тазалауды міндеттеді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің шынайы ақпарат беру, көлбеу судың келуін болжай отырып, алдын алу шараларын дер кезінде атқармау, оқиға орнына кешігіп келу секілді сылбыр жұмыстарын сынға алды.

Тиісінше аудан әкіміне қатаң сөгіс, оның салаға жауап беретін орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, ауыл әкіміне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара тағайындалды.