Құлсары қаласында «Сергек» бақылау камералары жылдамдықты асырғандардың айыппұлын есептемейді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Төтенше жағдай жарияланғанда Құлсарыдан тұрғындар шұғыл кетуге мәжбүр болған. «Сергек» бақылау камералары жылдамдықты асырғандарды тіркеп, көлік жүршізушілерінің көбі айыппұл арқалаған.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов азаматтардың өтінішін орындап, сол сәттегі айыппұлдар алынатынын жеткізді.
«Халықпен кездесіп, олардың қалауын тыңдадық. Бірінші кезекте төтенше жағдайда көлікпен жүріп, «Сергекке» түскендердің айыппұлдары 1 сәуірден бастап тоқтаэтылады»,- деді ол.
Сондай-ақ, облыс әкімі құжаты жоқ үйлердің де мәселесі шешілетінін хабарлады.