Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйледі

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева өзін ана ретінде түсініп, ұлына құқығын толық қорғауға мүмкіндік беруін өтінді, деп жазады Paryz.kz. 

Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйледі
Фото: видеодан скриншот

«Менің ойымша, егер сіз біз ұсынған мәскеулік маманның қорытындысын қабылдамасаңыз, мен ұлымның өзін қорғауы үшін берілген конституциялық құқығы шектеліп жатыр деп есептеймін. Сондықтан соттан, прокурорлардан, жәбірленушілерден мені ана ретінде түсінуін сұраймын», - деді Бишімбаевтың анасы.

Айта кетсек Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында айыпталушының адвокаттары қазақстандық және ресейлік мамандар жасаған сараптаманы дәлел ретінде іске қосуды сұраған болатын. Бірақ прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмауды сұрады.