Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Бишімбаевтың жалған куәлік бергені белгілі болды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұған дейін сотта жалған куәлік бергені белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бишімбаевтың жалған куәлік бергені белгілі болды
Sputnik / Болат Шайхинов

15 сәуірдегі сот отырысында Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова сотталушы Бақытжан Байжановтан Салтанат Нүкеноваға арнап әкелген мүсәтір (нашатырь) туралы сұрады. Байжанов оны Бишімбаевқа бергенін, одан кейін көрмегенін айтты.

«Мүсәтір алып келген кезде оны Салтанаттың мұрнына апарғаныма қарап тұрды. Салтанаттың ештеңе сезбегенін көріп, жедел жәрдем шақыруды ұсынды. Сол уақытта мен көріпкелге хабарластым», - деді Бишімбаев Байжанов туралы.

Судья Айжан Құлбаева «сотта берген жауабыңызда «мүсәтірді алып келген кезде бірінші өзіңіздің иіскегеніңізді, содан кейін жәбірленушіге (Салтанат Нүкенова – ред.) апарғаныңызды» айттыңыз. Сол кезде жалған сөйледіңіз бе?», деп сұрады.

«Ол маған мүсәтір мен дәке берді. Мүсәтір ыдысын ұстап тұрды», деді Бишімбаев.

«Өткен жолы осының бәрін өзіңіз істегеніңізді айттыңыз. Осы жағдайға байланысты жалған куәлік бердіңіз бе?», деді судья.

«Байжановтың VIP залда болғаны, мүсәтірді ұстап тұрғаны туралы деректі басқаша жеткіздім. Байжановтың маған жасап жатқан қысымына қатысты солай болды», - дейді Бишімбаев.

«Демек, жалған куәлік бергенсіз», деді судья Құлбаева.