Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алматы әуежайында жас жігіт 7 млн теңгенің дүниесін қолды еткен

Алматы әуежайының жүк сақтайтын қоймасында жұмыс істеген 29 жастағы жүк тасушы жолаушылардың қымбат дүниелерін ұрлаған, деп хабарлайды Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Алматы әуежайында жас жігіт 7 млн теңгенің дүниесін қолды еткен
Фото: polisia.kz

Ол көбіне Алматы-Дубай, Алматы-Прага және Алматы-Гонконг бағытындағы рейстің жолаушыларын тонаған.

 «Ұсталған азамат әуежайдың уақытша сақтау қоймасында жүк тиеуші болып жұмыс істеп жүріп, осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жалпы сомасы 7 645 371 теңге құрайтын мүлікті ұрлаған», - деп хабарланған ақпаратта.

Тергеу аяқталған соң, Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырғаны анықталып отыр.