Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақстандағы су тасқыны: ҚМА үш өңірде тексеріс бастады

Қаржы мониторингі агенттігі су тасқынына байланысты Қазақстанның үш өңірінде тергеу бастады. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қазақстандағы су тасқыны: ҚМА үш өңірде тексеріс бастады
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Дәлірек айтсақ, агенттік Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына, Ақсай өзеніне бөгет салған ЖШС басшысына және Ұлытау облысындағы су тасқынының алдын алу бойынша орындалмаған жұмыс үшін ақша алған ЖШС басшысына қатысты тергеу бастады.

«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ауыр зардаптарға әкеп соққан міндеттерге немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін (су қоймасын) сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Анықталғандай, 2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда ЖШС тарапынан, бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттері тиісінше орындалмаған», - деп хабарлады Әбділов.

Сонымен қатар, «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын орындаған ЖШС басшысына қатысты да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.