Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Енді отбасында жанжал шығаратындар қайда қамалады

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха отбасында жанжал шығаратындар қайда қамалатынын түсіндірді.

Енді отбасында жанжал шығаратындар қайда қамалады
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мақұлданды.

Бұл тұрғыда тілшілер Ішкі істер министрінің орынбасарына «отбасында жанжал шығаратындарды қамауда ұстайтын орындар жеткілікті бола ма?» деген сұрақ қойды.

«Қамауда ұстайтын орын табылады. Дегенмен мұндай адамдардың саны күрт артады деп айта алмаймын. Қазірдің өзінде біз оларды ұстап жатырмыз. Атап айтқанда, қазір біз оларды әкімшілік заңнама аясында ұстап отырмыз, ал енді жаңадан қабылданған заң нормалары бойынша қылмыстық заңнама аясында ұсталады. Күдіктілер тергеу изоляторына қамалады», — деді И. Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Парламент қабылдаған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңы мемлекеттік отбасы саясатының құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.