Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Балаларыңның басына келсін». Бишімбаев бауырын не үшін қарғады?

Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне осы уақытқа дейін әртүрлі қысым көрсетіп келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Балаларыңның басына келсін». Бишімбаев бауырын не үшін қарғады?
Фото: видеодан скриншот

«Бірінші қабатта «стақанда» отырғанда «жедел-жәрдемге бірге қоңырау соқтық деп айтасың» деді. «Егер осылай демесең, мен сені қарғаймын, менің қазіргі күйімді сенің басыңа, балаларыңның басына берсін» деп айтты», - деді Байжанов.

Сонымен қатар оның айтуынша, Бишімбаев Нүкеноваға мүсәтір спиртін иіскеткенде, «қасымда тұрдым деп айтасың» деп қорқытқан. 

Айта кетсек, бұған дейін Байжанов берген куәлігінде, өзінің жедел-жәрдемге қоңырау соққанын, сол кезде Бишімбаевтың көріпкелмен сөйлесіп тұрғанын айтқан болатын.