Орал қаласында ер адамның мәйіті табылды. Ер адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 сәуір күні болды.
«Абай полиция бөлімі осы қылмыстық іске қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде қылмыстың ізі суымай, күдікті анықталып, ұсталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске салсақ, бұған дейін БҚО-да құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамалғаны туралы ақпарат тараған.