Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Палау мен кәуапқа тапсырыс берді». Бишімбаев Салтанат өлген күні түк болмағандай тамақ ішкен

9 қарашада Байжанов таңнан бері «ұйқыдан тұрмай» жатқан Салтанаттың жағдайы алаңдатқанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Палау мен кәуапқа тапсырыс берді». Бишімбаев Салтанат өлген күні түк болмағандай тамақ ішкен
Фото: видеодан скриншот

Ол таныс дәрігеріне хабарласқан. Дәрігер жедел-жәрдем шақыруға кеңес берген, бірақ Бишімбаев өзінің Гүлнұр атты балгеріне хабарласып, Байжановқа «күте тұрайық» деген.

Содан кейін өзі басқа кабинкаға кіріп кетеді. Ол жерде Байжанов танымайтын әйел адам отырған. 

«Сол күні сағат 16.00-де Салтанаттың жағдайына алаңдай бастадым, әрине, оның өлгенін білмедім. Сондықтан да өзім таныс дәрігерге қоңырау шалған едім. Бірақ Бишімбаев «ол ұйықтап жатыр» деп менің көңілімді орнына түсірді», - деді айыпталушы.

Бишімбаев сол күні өзін байсалды ұстаған және басқа клиенттермен кездесіп жүрген.

«Бишімбаев палау мен кәуапқа тапсырыс берді. Мен бірінші қабатқа барып, 15 минуттан кейін тамақты алып келдім. 16.30 кезінде Бишімбаев маған үйге бара беруіме болатынын айтты. Күн әлі ерте болғандықтан, мен жұмыс кабинетіме кеттім. 40 минуттан кейін Бишімбаев хабарласып, Салтанаттың тамыры соқпай қалғанын айтты. Мен қатты шошып кеттім. Екінші қабатқа жүгіріп жеттім. Бишімбаев маған Салтанаттың тамырын тексеріп көр деді.  Бірақ мен тамырдың соғып, соқпай тұрғанын айыра алмадым. Өйткені қатты шошып, қорқып қалған едім. Оның үстіне бұрын мұндай тәжірибем болған жоқ», - деді ол.

Байжанов сол сәтте жедел-жәрдемге хабарласқанын, ал Бишімбаев көріпкелге телефон соққанын айтты.

Байжанов жедел-жәрдем келгенше диспетчердің айтуы бойынша, Салтанаттың кеудесін басып, жасанды дем алдыруға тырысқанын айтты.

Оның сөзінше, жедел-жәрдем қызметкерлері келгеннен кейін, Бишімбаев қолына пышақ алып,«Салта өліп қалдың ба, мен сені сүйем» деп айғайлай бастаған.