Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды

Алматыда қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушіні ұрған жолаушы қамауға алынды. 

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 11 сәуір таңғы 08:00 шамасында № 98-бағыттағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты.

«38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті өзін қорғау үшін жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты», - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Айта кетейік, былтыр да Алматыда №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған еді. Салдарынан әйел есінен танып, көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қаққан болатын. Аталған оқиғадан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болған.