Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Сұлу, Әдемі, Дара: Ақтөбеде үшем өмірге келді

Ақтөбе перинаталдық орталығында Сұлу, Әдемі, Дара есімді үшем жарық дүние есігін ашты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Сұлу, Әдемі, Дара: Ақтөбеде үшем өмірге келді
Фото: Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 32 жастағы жас ана үш сәбиді өмірге әкелді. Мектеп мұғалімі мен кеншінің отбасында екі ұл болса, енді үш қыз өмірге келіп, көпбалалы отбасы қатарына қосылды.

- Сәбилер кесір тілігі арқылы дүниеге келді. Отаға бөлім меңшерушісі А.Амркулова, акушер-гинеколог Н.Ибраев, акушер Ш. Мухамбеткалиева, неонатолог Г.Жанина, реаниматолог С.Асанова сияқты мамандар қатысты. Олар үш сәбидің де, анасының да өмірін аман сақтап қалды. Сұлудың салмағы 1 920, Әдемінің салмағы 1 630, Дараның салмағы 1 592 гр болды. Балалар арнайы күту бөлімінде салмақ қосып, тиісті ем-шараларын қабылдап жатыр. Анасы бөбектердің жанында. Төртеуінің де жағдайы тұрақты, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.