Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Биыл оңтүстікте су тапшылығы болуы мүмкін

2024 жылы Қазақстанның оңтүстігінде қуаңшылық болып, шаруалар су тапшылығын сезінуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Камар Салиева айтты.

Биыл оңтүстікте су тапшылығы болуы мүмкін
фото: Рixabay/Jody Davis

Оның айтуынша, солтүстік өңірлерде күз және қыс бойы жиналған ылғал қоры жеткілікті. 

Алайда маусымдық болжамға сәйкес, шілде мен тамызда ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деген болжам бар. Сондықтан жекелеген облыстарда, яғни оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін, - деді Камар Салиева Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Ол биыл оңтүстікте шаруалар су тапшылығын сезінуі мүмкін екенін, бірақ болжам тағы нақтыланатынын жеткізді. 

«Бізде қуаңшылық болжамы бір айға жасалады. 23 сәуірде тағы болжамды нақтылаймыз. Деректер «Қазгидрометтің» ресми сайтында жарияланады. Қазіргі болжамға сәйкес, жауын-шашын мөлшері маусымда оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде төмен деп болжап отырмыз», - деді басшы.