Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Павлодардағы №44 мекемеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі ресми сауалға жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Ведомстводағылар сотталғандар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов №44 мекемеде жазасын өтеп жатқанын хабарлады. Бұл ең төменгі қауіпсіздік колониясы Павлодар қаласының шекарасында орналасқан. Екеуі де 2024 жылғы 13 наурыздан "Еңбек" РМК филиалында құрылыста жұмыс істеп жатыр.

"ІІМ ҚАЖК №44 мекемесі РММ-нің мінездемесі бойынша Мейіржан Төребаевқа мекемеде жазасын өтеу кезеңінде ешқандай жазалау шаралары қолданылмаған. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 95-бабының талаптарына сәйкес тәртібінде оғаш қылық жоқ деп танылды", - деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖК өкілдері.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Мейірхан Шерниязовты жазалау шаралары жоқ екенін айтты.