Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Я обычный прокурор»: Бишімбаев ісіндегі айыптаушының «парақшасы» көп оқырман жинай бастады

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған парақшасындағы жазылушылардың саны 15 мыңнан асты, деп хабарлады Paryz.kz.

«Я обычный прокурор»: Бишімбаев ісіндегі айыптаушының «парақшасы» көп оқырман жинай бастады
Фото: видеодан скриншот

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Instagram желісінде 15 мыңнан астам жазылушысы бар aijan.aimaganova атты парақша анықталған. Онда сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Сондай-ақ прокуратура парақшада «Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!» делінген жазбаның шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды, – делінген хабарламада.