Теміртау қаласында атыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының орталық ауруханасына оқ тиген 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен оларды ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.