Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

СҚО-ға көмекке келген Түркістан облысының құтқарушысы қайтыс болды

2024 жылғы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қалалық аудандық аурухананың реанимация бөлімінде 1978 жылы туған Түркістан облысының ТЖД қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

СҚО-ға көмекке келген Түркістан облысының құтқарушысы қайтыс болды
фото: ТЖМ

Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген. 1 сәуір күні кешке өзін нашар сезініп жатқанына шағымданып, ауруханаға түсті. Ол Петропавл қаласына санавиация көмегімен ауруханаға жатуға дайындалды, - делінген ТЖМ ақпаратында.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне  көңіл айтады.