Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды, деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды
«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды, деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған «Bek Air» компаниясы «Fokker-100» ұшағының апатқа ұшырау фактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталғанын хабарлады.

4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.