Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Президент Ұлттық құрылтайда тапсырған жаңа тұрғын үй бағдарламасы биыл 1 мамырда іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлады Paryz.kz. 

1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
фото: Halyq Uni

«Қазір бұл бағдарламаны іске асыру үшін «Отбасы банкі» 300 млрд теңге тартып жатыр. (Жаңа ипотекалық бағдарлама) халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған және оның мөлшерлемесі 7%-дан аспайды.

Биыл 1 мамырда біз бағдарламаның толық шартын жариялап, іске қосамыз. Оны іске қосу үшін нарықтан қаржы тарту керек. Ол біраз уақытты талап етеді», - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Министр уақыты келгенде ведомтво мен «Отбасы банкі» қызметкерлері арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, бағдарламаның шартын қазақстандықтарға түсіндіретінін атап өтті.