Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

ШҚО-да алып бала дүниеге келді

Өскемендегі Ана мен бала орталығында алып бала дүниеге келді. Жаңа туған нәрестенің салмағы - 6 килограмм 180 грамм, бойы - 57 сантиметр, деп хабарлайды Paryz.kz Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Фото: Baq.kz

Ана мен бала орталығының дәрігерлері сәби мен оның анасы өздерін жақсы сезінетінін және тұрақты медициналық бақылауда екенін айтты.

Анасы 33 жаста және бұл оның отбасындағы төртінші баласы. Мұндай босану әдеттегіден қиынырақ болса да, өздігімен босанған екен.

Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, бүкіл елде сирек кездеседі. Қазіргі уақытта анасы мен жаңа туған нәресте өздерін жақсы сезінеді, біз оларға денсаулық пен амандық тілейміз, - деп атап өтті перзентхана бөлімінің меңгерушісі Жадыра Дүйсіпова.

Айта кету керек, бұл биыл туған алғашқы батыр бала. Сондай-ақ осы жылы Ана мен бала орталығында өмірге келген ең кішкентай баланың салмағы 730 грамм болған. Алақандай ғана нәресте қазір реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр.