Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны рас па – СІМ жауабы

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желідегі Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны туралы ақпаратқа орай пікір білдірді.

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны рас па – СІМ жауабы

Бүгін ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдері ресми өкілден: «Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?», - деп сұраған еді.

Айбек Смадияров ол ақпараттың жалған екендігін атап өтті.

«Бізде мұндай ақпарат жоқ. Ол расталмаған. Сіз Tik Tok-тағы ақпаратты айтып тұрған шығарсыз. Онда неше түрлі мәлімет жарияланада береді», - деді ол.