Өскемен қаласында 3 ай бұрын жоғалып кеткен қарт кісінің денесі табылды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 74 жастағы азамат қала іргесіндегі Согра кентінде тұрған. Үйінен белгісіз бағытта шығып сол күйі хабарсыз кеткен. Оны соңғы рет ауылдастары 7 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында көрді.
Жедел-іздестіру шараларына полицейлер мен волонтерлер тартылды. Алайда сол кезде оны табу мүмкін болмады.
«Зейнеткердің денесі Согра кентіндегі ашық аумақтан табылды. Қазіргі уақытта оның неден көз жұмғаны белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ақпаратта.