Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкентте жұмысшылар суретке түсу үшін көшеге қоқыс шашып, қайта жинаған (ВИДЕО)

Суретке түсу үшін көшеге қоқыс шашып, қайта жинаған үш адамның әрекеті көпшіліктің ашуын келтірді. 

Шымкентте жұмысшылар суретке түсу үшін көшеге қоқыс шашып, қайта жинаған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Оқиға Шымкент қаласының Тұран ауданында болды. Суретке түсу мақсатында екі адам көшеге қоқыс шашып, қайта жинаған. Сондай-ақ, бұл әрекеттерін көшенің әр аймағында бірнеше мәрте қайталаған.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видео көпшіліктің ашуын келтірді. Онда пікір жазушылардың бір бөлігі таңқалып, таңданысын білдірсе, енді бір бөлігі көз бояушылыққа жол бергендерді жауапқа тарту керектігін жазуда. Олардың ішінде «Өздері қоқысты лақтырып, өздері теріп жүрген несі? Олай да бола ма? Беті аулақ кемдер?»,

«Бюджеттің ақшасын осылай жейді. Көзбояушылық», «Барлық жерде көзбояушылық», «Фотоотчет. Интернетке салынған фото видеода шекара жоқ, біраз елді шарлайтын болды», - делінген жазбалар бар. 

Ал, Тұран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі видеодағы үш қызметкер жұмыстан босатылғандығын мәлімдеді. 

«Коммуналды мекеме қызметкерлері Темірқазық көшесі бойын қоқыстан тазартты. Алайда аталған аумақта қызметкерлер өз тараптарынан қоқыс тастап, фотоға түсірген. Қазіргі уақытта видеодағы үш қызметкер жұмыстан босатылды. Сондай-ақ жауапты бөлім басшысына қатаң ескерту берілді», - делінген ақпаратта.