Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ажырасқандар саны бойынша Қазақстанның екінші орында тұрғаны рас па: мамандар мәлімдеме жасады

Ажырасу бойынша Қазақстанның әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімдеме жасады.

Ажырасқандар саны бойынша Қазақстанның екінші орында тұрғаны рас па: мамандар мәлімдеме жасады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

«Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған», - делінген Бюро хабарламасында.

2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құраған.

«2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады», - делінген хабарламада.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады.

Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.