Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қаңтар оқиғасы бойынша экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды

Бас прокуратура Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі Telegram-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Қаңтар оқиғасы бойынша экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды
фото: patrul.kz: UGC

Айта кетсек, Бас прокуратура 2022 жылдың басынан бастап қаңтар оқиғасы кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күштік құрылымдардың қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастырып жатыр.

Азаптау ісіне байланысты облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшысы мен қызметкерлері сотталды.

Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынғаны айтылды. Сондай-ақ Бас прокуратура Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинады.

2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды. Бұдан басқа, қызметтік атыс қаруын ұрлау фактілері бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеп-тексеру жалғасуда, - делінген хабарламада.

Осы мәселелер бойынша басқа да мәліметтер тергеп-тексерудің, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін сақтай отырып, жұртшылыққа жеткізілетін болады.