Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ауғанстан азаматтары қазақстандық шенеунікке пара беріп, Ресейге өтпек болды - ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарының Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.

Ауғанстан азаматтары қазақстандық шенеунікке пара беріп, Ресейге өтпек болды - ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, биылғы 16 наурызда лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру әрекеті кезінде Ауғанстанның 4 азаматы ұсталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған.

Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген баспасөз-баянында.