Балалар 17 жастан бастап ораза ұстағаны дұрыс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
«Жалпы бала тез өседі, энергиясын тез жұмсайды. Себебі, балада зат алмасу процесі жоғары. Сондықтан ол осы энергияны уақытында толтыруы керек. Мұны әрбір ата-ана түсінуі қажет.
Баланың уақытында және сапалы тамақтануы оның болашақта денсаулығына және адам ретінде дамуы үшін өте маңызды», - деді Ақмарал Әлназарова.
Оның айтуынша, бала оразаны 17 жастан бастап ұстау керек. Себебі, ол осы уақытта өсіп жетіледі.
Менің ойымша, мұнда баланың жасына байланысты. Әрбір ата-ана баласына (ораза ұстауға) рұқсат етсе, бұл – оның шешімі. Мен белгілі бір жасқа дейін бала дұрыс тамақтануы керек деп ойлаймын. Мен 16-17 жаста (ораза) ұстауы керек деп ойлаймын, - деді министр.