Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Сот өгей қызын өлтірген әйелге үкім кесті

Бүгін Алматыда 7 жастағы Карина Закураеваның өліміне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды

Сот өгей қызын өлтірген әйелге үкім кесті
фото: ба

Аталмыш қылмыстық істің тергеуі жарты жылдан асып кеткен еді. Бүгін осы істің нүктесі қойылды.

Сот отырысы барысында прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.

Сот қылмыстық істі қарастырып, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді, - деді Ерлан Болатов.