Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Президент қыз алып қашуды дәріптегісі келетіндерге ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашуды дәріптегісі келетіндерге ескерту жасады, деп хабарлады Paryz.kz.  

Президент қыз алып қашуды дәріптегісі келетіндерге ескерту жасады
Коллаж: Halyq Uni

Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлде ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Құрылтайда.

Оның пікірінше, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». 

«Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам діні – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек», - деді президент.