Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қостанайда бұрынғы сот орындаушы мемлекет пайдасына өндірілген ақшаны жымқырған

Қостанай облысының прокуратурасы бұрынғы жеке сот орындаушының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндірілген қаражатты ұрлау схемасын анықтады.

Қостанайда бұрынғы сот орындаушы мемлекет пайдасына өндірілген ақшаны жымқырған
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024 © Sputnik / Абзал Калиев

Бұрынғы жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 млн теңгеден астам ақшаны өндіріп алушыларға берудің орнына өз шотына аударған.

"Бұл ақша – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары", - деп хабарлады облыстық прокуратура.

 

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып немесе онсыз, 4 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.