Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Студенттердің шәкіртақысы артатын болды

Қазақстандық студенттердің шәкіртақы мөлшерін ұлғайтуды көздейтін Үкімет қаулысына түзетулер жобасы жария талқылауға шығарылды. Жоба «Ашық НҚА» порталына шықты.

Студенттердің шәкіртақысы артатын болды
Фото: paryz.kz

Бұл ретте шәкіртақыны ұлғайту 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап көзделіп отыр.

Құжатқа сәйкес, студенттердің мына санаттары үшін шәкіртақы мөлшерін өзгерту жоспарланған:

  • Бакалавриат – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 54 205 теңге;
  • Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 86 940 теңге;
  • Магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 123 120 теңге;
  • Докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 мың теңгеге дейін.