Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бишімбаевтың анасы журналистерге жауап берді

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бишімбаевтың анасы журналистерге жауап берді
фото: Halyq uni

Сот басталмас бұрын БАҚ өкілі Қуандық Бишімбаевтың анасына "Бұл істе қандай үкім шығуы мүмкін?" деп сұрады.

Бәрін сот шешеді, - деп қысқа жауап берді Бишімбаевтың анасы. 

Бұған дейін Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Прокурор Бишімбаевтың Нүкеновамен қалай танысқанын айтып берген болатын.

Бишімбаев Салтанат Нүкенованы психикалық азапқа салып, адамдық қадір-қасиетін қорлаған. Прокурор Бишімбаевпен Нүкенова үйленіп, бірге тұра бастаған кезде Қуандық Бишімбаев ашушаң, агрессивті, өзімшіл бола бастаған. Ол Салтанат Нүкенованың пікірін ескермеген. Онымен қоса, Бишімбаев Нүкеноваға туыстары мен құрбыларымен кездесуге, сөйлесуге тыйым салған. Бүкіл телефон хабарламалары мен СМС хабаларды бақылап отырған. Салтанат Нүкенованың табыс алып келіп отырған ісіне тыйым салған.