Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Семейдегі су тасқыны: Төтенше жағдайлар министрлігі қаладағы жағдай туралы мәлімдеме жасады

ТЖМ Абай облысының Семей қаласындағы жағдай туралы ақпаратты жариялыда, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Семейдегі су тасқыны: Төтенше жағдайлар министрлігі қаладағы жағдай туралы мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скриншот

ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді.

Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.

Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды.

Еріген суды сору жұмыстары аяқталды.

ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде.