Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ақтөбе облысында 8 адам қаза тапқан апаттың алдын ала себебі аталды

Жол-көлік апаты кезінде Ақтөбе-Астрахань тасжолы ашық болған. Ал Lada Largus көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Ақтөбе облысында 8 адам қаза тапқан апаттың алдын ала себебі аталды
фото: Ақтөбе облыстық прокуратура

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ы Ақтөбе-Астрахань тасжолындағы жол-көлік апатына қатысты өз болжамын айтты. 

— Алдын ала ақпарат бойынша Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережесінің 9.1 пунктін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққандықтан Toyota Hilux автокөлігіне соғылған. Жол-көлік апатында Lada көлігінде болған 8 адам тіл қатпастан көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары Қандыағаш қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. Жол апаты болған сәтте күре жолдың жабыны таза болған, көрініс шектелмеген. Қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылған, — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.