Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

187 млн теңге пара алды деп айыпталған шымкенттік шенеунік сот кезінде жылап жіберді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсұт Исахов былтыр жазда қамауға алынған еді. Ол 200 мың доллар көлемінде пара алған деген күдікке ілінген болатын. Енді, міне, сот отырысы басталды, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365 сайтына сілтеме жасап.

187 млн теңге пара алды деп айыпталған шымкенттік шенеунік сот кезінде жылап жіберді
Фото: shymkent.gov.kz

Шымкент әкімінің экс-орынбасарына қатысты дерек қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Тергеу материалдары 21 томға жинақталған. 

Бұған дейін шымкенттік блогер Айгүл Орынбек оның кәсіпкермен сөйлескен аудио жазбасын желіге жүктеген еді. Ол жазбада жергілікті кәсіпкерлердің бірі 2020 жылы қаладағы жылу құбыр жүйесін ауыстыратын мемлекеттік конкурсқа қатысқан. Ең төменгі бағаны ұсынса да, ашық конкурстан шеттетіліпті. Кейін сотқа беріп, жеңіске жеткен. Әкімдік сот шешімінен кейін бес күннен кейін келісімшарт ұсынуға тиіс еді. Алайда олай болмай шыққан. Осы тұста Мақсұт Исахов кәсіпкерге хабарласып, пара үшін 187 миллион теңге сұрайды.

Әкім орынбасарының пара сұраған сәтін кәсіпкер диктофонға жазып алған. Мақсұт Исахов нақты талап қойған: Яғни конкурстан бас тарт немесе 187 миллион теңге әкел деген. Оның үстіне, ақша қолма-қол қажет екендігін жеткізген. Кәсіпкер осы бойынша да құқық қорғау органдарына шағымданыпты, бірақ ешкім мән бермеген.

Енді айыпталушының қылмысқа қатысы бары дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

«Алты балам бар, оның бесеуі кәмелеттік жасқа толмаған. 75 жастағы кәрі анам да менің қамқорлығымда. Соған қарамастан, 8 айдан бері тергеу кезінде көрмеген қорлығым жоқ. Бір кісілік камераға отырғызып қойды. Ешкімнің басына мұндай сынақ бермесін. Айып етпеңіздер», – деп, күдікті Мақсұт Исахов көз жасына ерік берді.